Алгоритм

Алгоритм[1], алгорифм (ағылшынша: algorіthm, algorіsmus — Әл-Хорезмидің атынан шыққан) — бастапқы берілген мәліметтермен бір мәнде анықталатын нәтиже алу үшін қай амалды (жұмысты) қандай ретпен орындау қажеттігін белгілейтін есептерді (мәселелерді) шешу (математикалық есеп-қисаптар орындау, техникалық объектілерді жобалау, ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу т.б.) тәсілдерінің дәл сипаттамасы. Алгоритм — математика мен кибернетиканың негізгі ұғымдарының бірі. Агоритмді орындау алгоритмдік процесс деп аталады.

Жалпы Алгоритм деп алдын ала не істеу керек екені дәл көрсетілген есептеу процесін айтады. Есептеу процесі қандай болса да алғашқы мәндерден бастап, сол арқылы толық анықталған қорытынды шыққанша жүргізіледі. Алгоритм ұғымының алғышартына алгоритмдік процеспен қатар мүмкін болатын алғашқы деректер жиынтығының нұсқауы және қорытынды алуға байланысты жүргізілген процестің аяқталғандығын көрсететін ереже енеді. Белгілі бір бастапқы деректердің жиынына қолданылған Алгоритм тиянақты қорытындыға келмеуі немесе есептеу барысы аяқталмай тоқталуы мүмкін. Егер есептеу процесі белгілі бір қорытынды алумен аяқталса (не аяқталмай қалса), онда Алгоритм мүмкін болатын бастапқы деректерге қолданылады (не қолдануға болмайды) деп ұйғарылады.

Алгоритм — қазіргі математикада, оның ішінде электронды есептеуіш машинада қолданылатын негізгі ұғымдардың бірі. Белгілі бір теңдеу түбірінің жуық мәнін кез келген дәлдікпен табу оған арналған Алгоритммен есептеледі. Компьютердің кең қолданылуына байланысты Алгоритм жаңа мағынаға ие болды. Берілген есепті шешу барысында орындаушыға біртіндеп қандай әрекеттер жасау керектігін түсінікті әрі дәл көрсететін нұсқау да Алгоритм деп аталады. Алогритмді орындаушы — адам, ЭЕМ немесе робот. Әрбір нұсқау — бұйрық. Ал орындаушының жүзеге асыра алатын бұйрықтар жиыны бұйрықтар жүйесі деп аталады. Мысалы, у = (ax + b) (cx - d) функциясын есептеу ЭЕМ-да мынадай әрекеттерден құралады:

  1. а-ны x-ке көбейту R1 деп,
  2. оған b-ны қосу нәтижесі R2 деп,
  3. с-ны х-ке көбейту R3 деп,
  4. сх-тан d-ны алу R4 деп,
  5. R2-ні R4-ке көбейту у деп белгіленеді.

Алгоритмнің бұйрықтары бірінен кейін бірі кезекпен орындалады. Бағдарлама Алгоритм тілінде жазу, бейнелеу мағынасын береді. Компьютерде Алгоритмнің сызықты, тармақты, циклді, логикалық, модельдік, параллельдік, тізбекті т.б. түрлері қолданылады.[2]

Алгоритм қасиеттері

Алгоритм ұғымның мәнін аша түсетін оның мынадай қасиеттері бар:

  1. Алгоритм дискретті информациялармен жасалатын әрекеттерді тағайындайды және өрнектейді. Алгоритмге қатысты әрекеттердің бәрі дискретті болады. Алгоритмнің жұмысына қажетті материалдар ретінде символдық мәтіндер және сандар пайдаланылады.
  2. Алгоритм біздің қалауымызға қарай өзгертуге болмайтын нақты нұсқау алгоритмде не істеу керектігі алдын-ала айқын береді. Мысалы, бір есепті шешудің алгоритмі берілсе онда ойланбай-ақ алгоритмде қандай нұсқаулар берілсе, сол нұсқауларды берілу ретімен орындасақ, есеп шығады. Алгоритмнің осы қасиетін оның анықталғандық қасиеті дейміз. Бұл жағдай адам сияқты емес ойлау қабілеті жоқ құрылғылардың мысалы, компьютердің көмегімен есептерді шешу мүмкіндігіне кепілдік берді. Мұндай құрылғылар алгоритмнің жарлықтарын ойланбастан формальды орындайды. Сондықтан алгоритмді есепті шығаруға қажеттінің бәрі бір мәнді анықталу және атқарушыға түсінікті әрі нақты болуы тиіс.
  3. Бір алгоритмнің өзін бірнеше есептің шешімін табу үшін пайдалану мүмкіндігі, яғни бастапқы деректер мәндерінің жиынына пайдаланылу мүмкіндігі бар. Алгоритмнің мұндай қасиетін көпшілікке бірдейлік, басқаша айтқанда, жалпылық қасиеті деп атайды.
  4. Әрбір алгоритм белгілі бір бастапқы деректердің болуын талап етеді және іздеген нәтижені алуға жеткізеді. Мысалы, екі санды қосу алгоритмнде қосылғыштар бастапқы деректерге, ал қосынды нәтижеге жатады. Осылайша, алгоритмдегі әрекеттердің белгілі бір санның орындалуынан кейін қажетті нәтиже алу мүмкіндігі алгоритімнің нәтижелілігі деп аталады.
Other Languages
Afrikaans: Algoritme
Alemannisch: Algorithmus
አማርኛ: አልጎሪዝም
aragonés: Algorismo
العربية: خوارزمية
asturianu: Algoritmu
azərbaycanca: Alqoritm
تۆرکجه: القوریتم
башҡортса: Алгоритм
беларуская: Алгарытм
беларуская (тарашкевіца)‎: Альгарытм
български: Алгоритъм
bosanski: Algoritam
català: Algorisme
کوردی: ئەلگۆریتم
čeština: Algoritmus
Cymraeg: Algorithm
dansk: Algoritme
Deutsch: Algorithmus
Ελληνικά: Αλγόριθμος
English: Algorithm
Esperanto: Algoritmo
español: Algoritmo
eesti: Algoritm
euskara: Algoritmo
فارسی: الگوریتم
suomi: Algoritmi
føroyskt: Algoritma
français: Algorithme
Gaeilge: Algartam
galego: Algoritmo
עברית: אלגוריתם
हिन्दी: अल्गोरिद्म
hrvatski: Algoritam
magyar: Algoritmus
Հայերեն: Ալգորիթմ
interlingua: Algorithmo
Bahasa Indonesia: Algoritme
Ilokano: Algoritmo
íslenska: Reiknirit
italiano: Algoritmo
ქართული: ალგორითმი
Qaraqalpaqsha: Algoritm
Gĩkũyũ: Algorithm
한국어: 알고리즘
kurdî: Algorîtma
Кыргызча: Алгоритм
Latina: Algorithmus
Lëtzebuergesch: Algorithmus
Lingua Franca Nova: Algoritmo
lumbaart: Algoritm
lietuvių: Algoritmas
latviešu: Algoritms
олык марий: Алгоритм
македонски: Алгоритам
മലയാളം: അൽഗൊരിതം
монгол: Алгоритм
Bahasa Melayu: Algoritma
Mirandés: Algoritmo
नेपाली: अल्गोरिदम
नेपाल भाषा: अल्गोरिथम
Nederlands: Algoritme
norsk nynorsk: Algoritme
norsk: Algoritme
occitan: Algoritme
Oromoo: Seermurtoo
ਪੰਜਾਬੀ: ਕਲਨ ਵਿਧੀ
polski: Algorytm
پنجابی: الگورتھم
português: Algoritmo
română: Algoritm
русский: Алгоритм
русиньскый: Алґорітм
саха тыла: Алгоритм
sicilianu: Alguritmu
Scots: Algorithm
srpskohrvatski / српскохрватски: Algoritam
Simple English: Algorithm
slovenčina: Algoritmus
slovenščina: Algoritem
shqip: Algoritmi
српски / srpski: Алгоритам
Basa Sunda: Algoritma
svenska: Algoritm
తెలుగు: అల్గారిథం
тоҷикӣ: Алгоритм
Tagalog: Algoritmo
Türkçe: Algoritma
татарча/tatarça: Алгоритм
українська: Алгоритм
oʻzbekcha/ўзбекча: Algoritm
Tiếng Việt: Thuật toán
walon: Algorisse
Winaray: Algoritmo
ייִדיש: אלגאריטם
中文: 算法
Bân-lâm-gú: Ián-sǹg-hoat
粵語: 演算法